04.02.2021 в 14:20

АҒЫБЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ЕЛГЕ ЕСЕП БЕРДІ

Есепте Ағыбет ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, жер, ауыз су, газ жүйесі кеңінен талқыланды. Жасұлан Оразханұлының айтуынша, жалпы, 2020 жылы ауылдық округтің бюджеті 88 млн 401 мың теңгені құрап, барлық қаржы жоспарлы заң талаптарына сәйкес игерілген. Жергілікті бюджет түсімдері нақты 3 млн 211 мың теңгені құрап 153 пайызға орындалды.

Жасұлан Ақбаев – Ағыбет ауылдық округінің әкімі

қазіргі таңда Ағыбет елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Алайда ауыз су мұнарасындағы кемшіліктер себебінен ауыл тұрғындарына 24 сағат (4 сағат ағады) ауыз су беру мүмкін болмай отыр. Кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша «Бәйдібек су» мекемесімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.

 

Перизат Ортай