Бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның берік қалқанына айналған айбынды әскері бар. Дер кезінде қабылданып жатқан заманауи реформалар әскери қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, шекараның тұтастығын, ел халқының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ел жастары осындай әскер қатарына қабылдануды мәртебе көреді. Күштік құрылымдардағы алғашқы қадамдары отан алдындағы борыштарын өтеуден басталады.
Қалыптасқан дәстүрге сай Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан 6506 әскери бөлімінің командирі бұл күні кәсіби мереке иелерін құттықтады. Сондай-ақ қызметінде ерекшеленгендерді салтанатты түрде марапаттап, сарбаздарды Отан алдында адал қызмет етуге шақырды.