07.09.2021 в 15:23

МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Ала жаздай таңның атысынан кештің батысына дейін егістік алқапта тынымсыз еңбек етіп жүрген жетісайлық шаруалар мақта терім науқанын техникамен бастады. Дихандар, мол табысқа жетуде уақытылы дән сеуіп, дер кезінде минералды тыңайтқыштарды беру, кешіктірмей егістікті суғару үлкен рөл атқаратындығын айтады. Мәселен, аудандағы Ынтымақ ауылдық округіндегі «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы әр гектарынан бірінші терімнің өзінен 30 центнерден өнім алып отыр.

Нұрсұлтан Омаров - “Нұрсұлтан” шаруа қожалығының төрағасы

Ауданынның негізгі өнімі саналатын мақта өнімі өзге дақылдар сияқты 2-3 айда емес, ұзақ уақытта пісетін болғандықтан ерекше күтімді қажет етеді. Ауданның, округтің әкіміне көп рақмет, биыл судан, минералды тыңайтқыштар мен жанар жағар майдан тапшылық болған жоқ. Уақытылы ағын суымызды алдық. Мақтаның көсек құрты аздап әбігерге салғаны болмаса басқасы дұрыс. Міне, қазір алғашқы терімді техникалық әдіспен теруді бастадық. Өнім әзірге жаман емес. Бастысы - мақта бағасы көңілге қонымды болып шаруалардың еңбектерін ақтаса болды

Жалпы, ауыл округте 6490 гектар суармалы жердің 4239 гектарына шитті мақтаның тұқымы себілген. Биылғы жылы өнімді шашпай-төкпей ысырапсыз жинап алуды басты мақсат етіп отырған округ дихандары өнім көлемін гектарына 22,5-тен жоспарлап отыр. Округ әкімінің айтуынша, 35 комбайн мақта терімге сақадай-сай тұр.

Мұхтар Бейсенбаев - Ынтымақ ауыл округінің әкімі

Жауапты сала мамандарының басты міндеті – дихан-шаруалардың маңдай тері тамған егістік алқаптарындағы ақ алтынды жауын-шашынға қалдырмай, қырманға толтыру болып отыр.