28.07.2022 в 11:50

249 мың адам жұмыспен қамтылды

Бірінші жартыжылдықта бюджет саласындағы 850 мың қызметкердің, квазисектордың өндіріс саласында 240 мың және бизнес құрылымдарында 1 млн-нан астам еңбеккердің жалақысы өсті. Бұл туралы Президент қабылдауында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Мемлекет басшысына Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді. 2025 жылға дейінгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 2 млн-нан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 444 мыңы биыл ашылады. Қасым-Жомарт Тоқаев  халықтың табысын арттыру жұмыстарын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл барлық орталық және жергілікті атқару органдары үшін басты міндет болуы тиіс.