16.09.2022 в 14:00

Қауіпсіздік шаралары пысықталды

Қаладағы автобөлшектер сататын базардан өрт шықты. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін Төтенше жағдай департаментінің 18 бірлік техникасы мен 68 қызметкері жұмылдырылып, 40 минутта қызыл жалын сөндірілді. Бұл жыл басынан бері базар әкімшілігінің сұранысы бойынша өрт қауіпсіздігіне байланысты екінші мәрте өткізіліп отырған оқу-жаттығуы екен. 

Дабылды ескертуді ести сала базар сатушылары мен тұтынушылар бірден сыртқа қарай ұмтылды. Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың жан-жағынан қоршауға алып, тілсіз жаумен жарты сағаттан астам арпалысты. Арнайы техниканың көмегімен шатырдағы өрт өшіріліп, құтқару жасағы базар ішінде сүзіп шықты. 

Автобөлшектер базарында бұл жыл басынан бері өткізіліп отырған екінші оқу-жаттығу екен.  Қауіпсіздікті бірінші кезекке қойған базар әкімшілігі ТЖД өздері өтініш білдіріпті.  

Алдыңғы жылы дәл осы сауда орнынан өрт шығып 200 шаршы метр аумақты алып кеткен болатын. Саудагерлердің салғырттығынан деп түйінделген келеңсіз жағдай, тағы да қайталанбас үшін мұндағы қауіпсіздік жиі-жиі пысықталуда. Нәтижесінде, сатушылардан сабырлық байқалады. Оқу-жаттығу жиыны аяқталған соң,  олар өз жұмысын әрмен қарай жалғастыруға кірісті.