31.10.2022 в 15:15

Шымкентте «ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ» құрылды

«Аманат» партиясы жанынан «әйелдер қанаты» құрылады. Бұл туралы Шымкент қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Жанар Бектаева мәлімдеп отыр. Әйелдер мүддесі үшін деп ұжым ауқымды форум өткізді. «Әйелдердің ел дамуындағы рөлі» форумында қандай мәселе қаралды? 


Форумның негізгі пікірталастары әлеуметтік-демографиялық прогресті қамтамасыз етудегі әйелдерін жаңаша рөлін талқылады. Экономикалық өсудің жаңа үлгілеріне көшуге, денсаулық сақтау мен білім беруді дамытуды қолға алу жағдайларына да тоқталды. Қыз балалардың көп проблемасы – өзін бағаламағаннан, өз құқығын білмегеннен болады дейді спикерлер. 

Отбасындағы зорлық-зомыбылық, өз құқығын білмеу, бала-шағасы немесе жынысы себепті кемсітушілікке ұшырау – қазақ қоғамындағы әйелдер үшін таңсық емес. Өкінішке орай, күн тәртібінен түспейтін бұл проблемалар қанша жыл өтсе де өзекті. Форумнан соң, «Аманат» партиясы жанынан құрылатын әйелдер қанатының айналысатын ісі – қоғам санасын өзгерту болмақшы. 

Айта кетейік, жыл басындағы мәлімет бойынша, елде 9,84 млн.әйел тұрады. Қазақстанда экономикалық белсенді топтың 50 пайызы әйелдер екен. Дегенмен, әйел адамдар ерлерге қарағанда жалақыны 22 пайызға аз алады.