03.11.2022 в 15:23

«Таза қала» акциясының жеңімпаздары марапатталды

«Таза қала» акциясы қорытыланды. Жеңімпаздар анықталып, 5 аталым бойынша әр ауданнан 15 үздіктен 60 азамат марапатталды. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен  байқау жеңімпаздарын  ұйымдастырушылар құттықтап, алдағы уақытта мегаполистің тазалығына бірге ат салысуға шақырды. 

Қала әкімдігінің қолдауының арқасында «Азаматтық Альянс» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Таза қала» акциясы қорытындыланды. 
 

Ұлдар Кенжебаева байқау жеңімпазы. Таза қала акциясына қатысуды әдетке айналдырған ол биылда комиссия мүшелерінің көңілінен шығып, Абай ауданы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Ол ауланы көріктендіруге 70 отбасы қатысқанын айтты.
 

Қуантарлығы жыл санап, байқауға қатысып, қаланың көркейуіне үлес қосқан азаматтардың қатары артып келеді. Арнайы комиссия қаладағы 4 ауданнан «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік үй», «Үлгілі коммуналдық қызметкер», «Үздік шағынаудан» номинациясы бойынша  жеңімпаздарды анықталды.. Нәтижесінде 60 жүлдері орын белгілі болды.