Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды.
«Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр», – делінген хабарламада.
Соңғы мәлімет бойынша Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алған. Ал бүгін түнде Анадолы елінде тағы 4 балдық жер сілкінісі болған.