Қазақстанда бір тәулікте 114 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
17 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 659 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 116 пациент стационарда, 1 543 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус анықталғандардың арасында 4 адамның жағдайы ауыр, бір науқас өте ауыр жағдайда жатыр.
Екі адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Бұған дейін кейінгі тәулікте елімізде 91 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.