22.02.2023 в 10:03

Алматы соты Air Astana компаниясына айыппұл салды

Компанияға 153 150 теңге айыппұл салынды

Фото: Эйр Астананың баспасөз қызметі

Алматыда ережені бұзғаны үшін Air Astana компаниясына айыппұл салынды. Алматы сотының хабарлауынша, бұған еншілек FlyArystan компаниясының жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны себеп болған.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жолаушылар, багаж және жүктерді халықаралық тасымалдау кезінде ережелерді бұзған Air Astana АҚ-ға қатысты істі қарады.

Сот 2022 жылы Air Astana АҚ-ның инвестициялар және даму министрлігі бекіткен жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау ережелерінің нормаларын сақтамағанын анықтады.

Министрлік бұйрығына сәйкес халықаралық рейсте кәмелетке толған бiр жолаушыға еріп жүретін 2 жастан 12 жасқа дейiнгi әрбiр баланы тасымалдау үшiн ерiп жүретiн кәмелетке толған жолаушының тиiстi немесе арнайы тарифiнiң 50 пайызы төленедi, - делінген Алматы соты таратқан ақпаратта.

2022 жылдың 1 қаңтары мен 27 желтоқсаны аралығында Air Astana АҚ ережені бұзып, 2-12 жас аралығындағы жолаушыларға арнайы тарифтер бойынша 30 722 билет сатқан.

Содан кейін былтыр 26 желтоқсандағы көлік прокурорының ұсынысы бойынша азаматтық авиация комитеті авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы Air Astana АҚ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады.

Сотта Air Astana АҚ өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық жасағандарын мойындамады.

Баптың санкциясы 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Сот қаулысымен «А» АҚ автомобиль және темір жол көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылып, оларға 153 150 теңге сомасында 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енбен жоқ.