2023 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 67,1 мың отбасыдағы 350,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірдегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрмысы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды, - делінген ресми ақпаратта.
1 ақпандағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 106,4 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.
Қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне, сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.