Түрік сперлигасының 14-туры аясында өткен «Бешикташ» – «Антальяспор» арасындағы матчта жанкүйерлер шамамен әрқайсы 20 лир тұратын мамық ойыншықтар сатып алып, оны алаңға лақтырды. Мамық ойыншықтардан түскен ақша зілзаладан зардап шеккендерге жеткізіледі.
Жанкүйерлер мамық ойыншықтарды матчтың 4-минуты, 17-секундында лақтыра бастаған.
Айта кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысындағы табиғи апат 6 ақпанда сағат 04:17-де басталған еді. Осы уақытта жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін ойын бірнеше минутқа тоқтатылды.
Соңғы ақпараттарға сәйкес, Түркияда зілзала құрбандарының саны 44 мың адамнан асқан.