Қаржы пирамидасының жетекшісі Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Украина Бас прокурорының офисі Қазақстан Бас прокуратурасының қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматы К.-ны экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды.
Тергеу барысында аталған адамның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандық азаматтардың 85 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды.
Қылмыс жасағаннан кейін азаматша К. қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.
Биыл қаңтарда күдіктіні Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстады.
Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері шетелдік әріптестерінің көмегімен азаматты біздің елімізге экстрадициялады, - делінген ақпаратта.
Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Жоғарыда аталған қылмыс жасағандар 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.