Ұлттық банк 7-20-25 бағдарламасы бойынша ипотека алған адамдардың санын жариялады.
Ресми мәліметке сәйкес, 2 наурызға дейін 7-20-25 бағдарламасы бойынша 894,9 млрд теңге игерілді.
Барлығы 66 865 адамға ипотека берілді.
Өтінімдердің басым бөлігі үш қалада мақұлданды. Олар:
- Астана – 23 777 адам (370,7 млрд теңге);
- Алматы – 13 285 адам (203,7 млрд теңге);
- Шымкент – 5 109 адам (62,1 млрд теңге).
Айта кетейік, бағдарлама 2018 жылы іске қосылды.
Жұмыс істейтін азаматтарды 20%-тен бастап алғашқы жарнамен жылдық 7% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша ипотекамен қамтамасыз етуге арналған. Несие уақыты – 25 жылға дейін.
2023 жылы 7-20-25 бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлініп отыр.