06.03.2023 в 13:45

Қазақ тілінде ақпарат ұсынбаған жанармай құю станциясына айыппұл салынды

Жалпы сомасы 414 000 теңге айыппұл салынды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық «Гелиос» жанар-жағармай құю станциясы техникалық регламенттің талаптарына сай келмейтін тауарды сатқаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.

Ведомствоның ақпаратынша, «Гелиос» ЖШС-ның Көкшетау филиалы Кеден одағының «Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін тауарды сатқаны жауапқа тартылды.

«Тексеріс барысында MANNOL EXTREME 5W40, 1 L, майының өндірушісі: SCT Lubricants, Infoline: SCT-VERTRIEBSGMBH Feldstrasse 154 22880 Wedel/Hamburg Germany маркалы мотор майының таңбалану бөлігінде КҚ ТР 4.4 тармағының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде ақпарат жоқ екені анықталды.

Сондай-ақ ұсынылған бейнематериалдар бойынша заңды тұлғаның талабы бойынша сапа паспортының көшірмесін немесе қауіпсіздік паспортының көшірмесін сатушының ұсынбауы жайлы факт тіркелді», - делінген хабарламада.

Субъектіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 414 000 теңге айыппұл салынды.

Тегтер: