Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі 2023 жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізілетіндігін еске салды.
Көлікке салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.
Сонымен қатар салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары «Каспи банк» АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурызда жіберіледі.
Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер»→«ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.