16.03.2023 в 18:49

Қазақстан Ресеймен шекараны демаркациялау процесін қашан аяқтайды

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр

Фото: Sputnik.kz

Қазақстан Ресеймен шекараны демаркациялау процесін алдағы үш-төрт жылда аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді.

Ол Ресеймен шекараны демаркациялау жұмысы бұрыннан жүріп жатқанын айтты. 

Қазіргі кезеңде процесс аяқталу сатысында деп айтуға болады. Біз Ресеймен шекараны демаркациялау процесін үш-төрт жыл ішінде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, - деді Василенко сенат кулуарында. 

Ол Қазақстанның Ресеймен шекарасы 7500 шақырымнан асатынын және ең әлемдегі ең ұзын шекара екенін атап өтті. Сондықтан елді мекендерде шекара сызығын анықтау кезінде түрлі қиындықтар да кездесіп жатыр. 

Ресеймен шекараны демаркациялау жұмысы тұрақты түрде жалғасып жатыр, - деді министр орынбасары.