Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген үйден үш адамның мәйіті табылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 наурызда Жаңа Бұқтырма кентінде болған. Өрт сөндірушілерге хабарласқан куәгерлер бесқабатты үйдің 4-ші қабатындағы пәтерден қатты түтін шығып жатқандығын айтты.
Олар мекенжайға жеткен кезде төргі бөлмеде диван, кілем мен ағаш еден жанып жатқан. Барлау барысында жатын бөлмеден 1973 және 1975 жылғы ер адамдар мен 1977 жылы туған әйелдің денесі табылды. Өлімнің нақты неден болғаны әлі анықталмады. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.
«Көп ұзамай жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Алдын ала дерек бойынша қызыл жалынның шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам мен 2 техника жұмылдырылды», - делінген ақпаратта.