05.05.2023 в 13:46

Базарлар қайта жаңғыртылады

2023 жылдың үш айында Шымкентте бөлшек сауда көлемі 166 млрд теңгеге жетті. Жыл соңына дейін бөлшек сауда көлемі 640 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінде қалада жалпы ауданы 643 мың ш.м. болатын 36 базар жұмыс істейді.

 

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дуйсебеков «2023 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша қаланың бөлшек сауда көлемі 166,1 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 128,6% құрады. Жыл соңына дейін бөлшек сауда көлемі 640,5 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған.

 

Береке Дүйсебеков

Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы

- Аталған көрсетішке жаңадан ашылатын сауда орталығының құрылысы (Diamond City), жаңа автокөлік салондарының құрылысы («Тoyota center Shymkent», «DOSCAR»), жаңа сауда базары («Ақ-ниет») жаңа сауда нүктелері («GraMad» гипермаркеті) және базарларды модернизациялау жүргізу есебінен қол жеткізілетін болады. Көтерме сауданың көлемі 213,7млрд. теңгені құрады немесе 100,3% құрады. Жалпы сауда көлемі 381,2млрд. теңгені немесе 110,5% пайызды құрады.

 

Қала аумағында жалпы ауданы 643 мың ш.м. 36 базар жұмыс істейді, оның ішінде әмбебап – 19, мамандандырылған - 17. «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы қала базарларын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, базарларды жаңғыртуды талап етеді. Талаптарға сәйкес 19 базар қайта құрылымдауға жатады.

Береке Дүйсебеков

Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы

- Оның ішінде, 12 нысанда (Бекжан, Шымкент Тұлпар, Исатай (Алатау), Акбар, «Иманалиев» мал базары, Барыс, Жабық базар, Көктем, Жібек Жолы, Жаңа шахар, Назым апа, Көмеш бұлақ) реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталды. 5 нысанда ("Авто Нұр", "Орталық қырғы базар", "Алаш", "Айна", "Самал") модернизациялау жұмыстары жүргізіліп, сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келтірілуде.

 

Басқарма басшысы сонымен бірге белгіленгеннен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын айтты. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала аумағындағы ретсіз саудаға мониторинг жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы жыл басынан қала аумағында 550 хаттама толтырылды. Оның ішінде 407 ескерту, 1 975 125 айыппұл, 1 155 750 теңге айыппұл өндірілген.