Іс-шара барысында балалардың биологиялық даму ерекшеліктері, оттегінің жетіспеушілігі және инсулиннің тамақ пен сұйықтық ішуден алынатын мөлшерінің жеткіліксіздігіне байланысты есінен танып қалу, көктемгі гиповитаминоз туралы айтпағанда, ағзаға қажетті 10-12 сағаттық толыққанды ұйқыдан таң атар алдында ас қабылдау үшін оянуға байланысты психоэмоционалды шамадан тыс жүктемелер туралы ақпарат жеткізілді. Күні бойы балада ұйқышылдық, немқұрайлылық, ағзаға судың жетіспеушілігі, бас ауруы, қозғалысты үйлестірудің бұзылуы байқалады, жекелеген балалар шаршау салдарынан сабақтан сұранады.
Сонымен қатар, тез дайындалатын тағамдарды тұтыну тақырыбы бөлек қозғалды, бұндай тағамдар эндокриндік жүйе тарапынан гипотиреозға, қант диабетіне, гельминтозға (паразиттік аурулар) әкелуі мүмкін, оны емдеу үшін жанама әсерлері бар мысалы, гепатоуытты (бауырға уытты әсері бар) препараттар қолданылады.
Іс-шара соңында ата-аналарға балаларға қатысты сақтық шараларын ұстану, 18 жасқа дейінгі балалардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты ораза ұстауға ықпал етпеу ұсынылды. Балалар денсаулығы мәселелері бойынша тек медицина қызметкерлеріне хабарласу қажет.