29.03.2024 в 15:50

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының Саяси кеңес мәжілісі өтті. Жиынға қалалық филиал Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева қатысып, аудандық филиал төрағасы Қайрат Имашев жүргізді.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалы Саяси кеңес бюросының құрамына өзгеріс енгізу мәселесі және «Шаңырақ», «Мирас» бастауыш партия ұйымдарының атқарған жұмыстары туралы төрағаларының есебі тыңдалды.

«Мирас» БПҰ төрағасы Лазиз Сулайманов өз баяндамасында бастауыш партия ұйымының атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. 

- Партиялық жобалар аясында ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылуда. «Ардагерлерді ардақтайық»  жобасы аясында Қаратау ауданындағы қария кісілердің үйлерін аралап, тұрмыс- тіршілігімен танысып, ұдайы көмек көрсетіледі. «Бақытты отбасы» жобасы аясында 120 оқушыға мектеп формасы және оқу құралдары, 2100 бастауыш сынып оқушыларына тегін мектеп формасы табысталды. «Кедергісіз келешек» және «Ұлттық мұра» жобалары бойынша іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өтіп, келіп түскен өтініш және арыз-шағымдар негізінде 65 азаматтың өтініші бойынша оң шешім қабылданды, - деді Л.Сулайманов.

Сонымен қатар, «Шаңырақ» БПҰ төрайымы Ақмарал Жүсіпова бастауыш партия ұйымының атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады. Сайлаушылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, «AMANAT» партиясының бағдарламалары мен жобалары бойынша бекітілген кестеге сәйкес іс-шаралар жүргізіліп жатқандығын жеткізді. 

Партияның іргетасы, басты күші – бастауыш партия ұйымдары. Сондықтан бастауыш ұйымдар заман талабына сай жаңашыл болып, саяси бәсекеде өмірді жақсартуға барынша қабілетті болуы керек. Жиын барысында жаңа жобалар талқыланып, ұсыныстар айтылды.