11.04.2024 в 12:01

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Бұл туралы  өңір үшін маңызды мәселелер талқыланған облыс әкімдігінің отырысында хабарланды.  Мәселелердің ең өзектісі - сәуір айының ортасында күтілетін су тасқынының екінші толқынына дайындық.

Әкімдіктің айтуынша барлық қатысушы құрылымдардың бірлесе артқарған жұмының арқасында қазір облыста жағдай тұрақты. Биыл алғаш рет тасқын суға төтеп беру үшін тарихи деректерге негізделген арнайы карта жасалған. Су тасқыны қаупі бар аудандарға тәулік бойы мониторинг жүргізіліп, үнемі толықтырулар енгізіліп отырады. Басты мақсат – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ШҚО-да биылғы жыл «Жол жылы» болып жарияланды және өңір билігі жол жөндеу жұмыстарынының сапасына ерекше назар аудармақ.

Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың айтуынша,тұрғындар тарапынан түсетін шағымның көбі жолға қатысты, оған себеп, соңғы жылдары толыққанды жөндеудің жүргізілмегені. Биыл өңірдегі жолдарды жөндеуге екі есе қаржы бөлінген.

Одан бөлек жиында «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы, «Таза Қазақстан» республикалық акциясының бастау алуы, өңірдегі экологиялық жағдай талқыланды.

Әкімдік отырысынан кейін облыс әкімі су тасқыны жағдайының жедел мәселелері бойынша қалалар мен аудандардың әкімдерімен бейнеконференция арқылы іскерлік кездесу өткізді.