24.04.2024 в 14:10

ШЫМКЕНТТЕ БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫН САЛЫНАДЫ

Электр энергиясын үнемді тұтынудың пайдасы зор. Ол қоршаған ортаны сақтау факторларының бірі. Сол себепті электр энергиясы бүгінгі таңда кез келген қоғам өмірінің маңызды бөлігіне айналып отыр. Шымкент шаһарының басшысы Ғабит Сыздықбеков Мурад Юстел бастаған "Aksa Energy" компаниясының өкілдерімен кездесіп, қуаттылығы 500 МВт-қа дейін аралас циклды газ зауытының жобасы туралы келіссөз жасалды. Екі тарап арасында арнайы меморандум түзіліп, қол қойылды. Қондырғы құрылысының жұмыстары биыл басталады деп жоспарлануда.

Мегаполис басшысы аталмыш жоба қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізетінін атап өтті. Соынмен қатар қала бюджетіне қосымша кіріс әкелетінін де тілге тиек етті.

Құны 700 миллион АҚШ долларына жуықтайтын инвестициялық жобаны жүзеге асыру қала тұрғындарын сапалы электр және жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ жаңа 1000-нан астам жұмыс орны ашылады, ал іске қосылғаннан кейін 200-ден астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады деген сөз.

Мемлекет қанша бай болса да, кәсіпорындар мен халық электр энергиясына қыруар қаржы жұмсайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірленген болатын.

Аталған тұжырымдаманың көмегімен отын-энергетикалық ресурстарды тұтынудың көлемін азайту мен оны тиімді пайдалануды жолға қою арқылы Қазақстанның ІЖӨ-де энергия сыйымдылығын төмендету көзделген. Бұл бастаманы іске асырудың нәтижесінде өнеркәсіптің басым секторларында өнім өндірудегі энергия ресурстарының шығыны төмендеп, бюджеттік секторда, ТКШ-да және көлік секторында энергия тұтыну мөлшері біршама азаяды деп болжанып отыр.

Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков түрік компаниясына бірлесіп жұмыс жасап, қаланы көркейту бағытында бірқатар игі істер атқарылатынына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ маңызды саладағы бірлескен жобаны тез арада жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.