11.05.2024 в 17:38

АБАЙ АУДАНЫ: АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР ТӨСБЕЛГІЛЕРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Ана - асыл жан! Ана барда - әлем құлпырады.

Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүреген аналарымздың орны әрқашан төр болмақ. Еліміздің демографиясының өсуіне, халық санының көбеюі мен ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып жатқан алтын құрсақты аналар “Аналар” күні қарсаңында құрметке бөленді.

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 22 сәуір күнгі  №524 Жарлығына сәйкес, 26 ана - “Алтын алқа” және 101 ана - “Күміс алқа” төсбелгісімен марапатталды. Өз кезегінде әйел азаматтар да мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық пен қолдауға ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Абай ауданында 1 068 ана - “Алтын алқа”,  3 874 ана - Күміс алқа” иегерлері.