25.05.2024 в 12:18

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ҚАУІПСІЗДІК САҚТАУДЫ ҰМЫТПАЙМЫЗ

Жыл сайын жаз маусымы қарсаңында суға шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын пысықтау мақсатында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің ұйымдастыруымен Атамекен кәсіпкерлер палатасында  дөңгелек үстел өтті. Жиындп қаладағы бассейн (аквопарк), су обьектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін рұқсат берілген орын мен шомылуға тыйым салынған орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша иүсіндәру жұмыстары жүргізілді. Аталмыш басқосуға Шымкент қаласының аудандық әкімдіктері мен білім басқармасының қызметкерлері де қатысты. Кездесу барысында шаһар басшысының қаулысы таныстырылып, алдағы уақытта қауіпсіздік ережелерін және адам өлімінің алдын алу шаралары туралы кеңінен айтылды.
Аудандық әкімдіктер тарапынан балаларды жүзуге тегін үйрету бойынша бассейн басшыларымен меморандумдарды қайта бекіту үшін ұсыныстар енгізілді. Нәтижесінде хаттама түзіліп, әрбір кәсіп басшысына (келісім бойынша) тапсырмалар қойылып, әдістемелік көмек көрсетілді.