Қабылдау барысында Мемлекет басшысы Нидерланды Премьер-министрінің халықаралық деңгейдегі мол тәжірибесіне тоқталып, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Елдердің бірлескен жобаларының арқасында тікелей инвестиция 120 млрд доллардан асқан.
Өз кезегінде Нидерланд Үкіметінің басшысы еліміздің жаңа деңгейге көтерілуі үшін Мемлекет басшысымен атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалайтынына, жыл санап екі ел байланыстарының қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика және су ресурстарын басқару салаларындағы идеялармен бөлісуге әзір екендіктерін жеткізді.
Кездесу соңында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты кездесу сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.