Жиында қазақ делегациясының басшысы Ержан Қазыхан атқарылған жұмыстарды баяндап, адам ресурстары, әділет және көлік министрлерінің, сондай-ақ жоғарғы соттардың кездесулеріне тоқталды.
Сондай-ақ, ол биылғы жылы қыркүйекте елордада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырып, белсенді қатысатындарына сенім білдірді.
Одан бөлек, кездесу барысында Ұйым Хатшылығын институциализациялау және халықаралық сахнадағы беделін арттыру, Шуша және Бішкекте жоспарланған саммиттердің сапалы өту маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Е.Қазыхан Ұйымның төрағасы К.Омуралиев және Әзербайжан Президентінің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі көмекшісі Х.Гаджиевпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты арттыруды талқылады.