04.06.2024 в 10:46

Мемлекет басшысы ДСҰ бас директорымен кездесті

Қазіргі кезде Қазақстан әлемнің 180 елімен сауда-саттық жасап, соңғы үш жылда сыртқы сауда көлемі 53 пайызға ұлғайып, 160 миллиард долларға жеткен. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесуінде айтты.

Ұйымға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына төрағалық ету еліміз үшін үлкен жауапкершілік екенін сөз еткен Мемлекет басшысы тығыз ынтымақтастық үшін ришалығын білдірді. Өз кезегінде Бас директор халықаралық сауда саласындағы маңызды шешімдерді қабылдауға Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады.

Кездесу соңында ел Президенті ДСҰ бас директорын ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.