Ресей Федерациясының вице-премьері Алексей Оверчук ресей компаниялары тарапынан экономиканың барлық бағыттарында тәжірибелерін, озық технологияларымен бөлісуге әрқашан дайын екендіктерін жеткізді.
Диалогта қазақстанның экономикалық және инвестициялық ахуалы, мемлекеттік қолдау шаралары мен қолайлы бизнес ахуал қалыптастыру жолдары, екі ел арасындағы экономикалық байланыстар мен Қазақстанның шекаралас аудандарының ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығы талқыланды.
Аталған іскерлік диалогқа Қазақстан және Ресейдің мемлекеттік органдарының, бизнес өкілдері, Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметкерлері қатысты.
Айта кету керек, биыл ресейлік компаниялардың елімізде өтетін KIOGE – 2024 және KazAgro/KazFarm-2024 «Ресейде жасалған» ұжымдық стендтері халықаралық көрмелеріне қатысуы жоспарланған.
Сонымен қатар, XXVII Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Ульяновск облысының Губернаторы Алексей Русскихпен, Красноярск өлкесінің губернаторы Михаил Котюковпен, Хакасия Республикасының Басшысы Валентин Коноваловпен, Мурманск облысының губернаторы Андрей Чибиспен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, түрлі салалардағы серіктестік байланыстарды жандандыру, білім беру, туризм және инфрақұрылымды дамыту саласында тәжірибе алмасуды талқылады.