Одан бөлек осы аптада Шахрат Нұрышев Боао азиялық форумының (БАФ) жаңадан тағайындалған Бас хатшысы Чжан Цзюньмен кездесіп, еліміздің БАФ-та өкілдігін кеңейту, бірлескен іс-шаралар өткізу, экономикалық дамудың негізгі бағыттары мен мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сондай-ақ, қазақстандық дипломат Чжан Цзюньді БАФ-тың Бас хатшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
Чжан Цзюнь еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл өткен БАФ-тың 23-сессиясына қатысуын жоғары бағалап, еліміздің халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөліне тоқталды.
Аталған сессияда Президент алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеп, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа тоқталып, екі ел арасындағы тауар айналымы 41 млрд АҚШ долларын құрайтынын айтқан болатын.
Кездесу соңында 2025 жылы БАФ мерейтойлық іс-шараларын өткізу жоспарлары талқыланды.
Айта кету керек, Боао азиялық форумы - аймақтық экономикалық интеграцияны ілгерілетуге және Азия мемлекеттерінің бірлескен дамуына ықпал етуге арналған үкіметтік және коммерциялық емес халықаралық ұйым.