Республикалық фестивальда дәстүрлі киінген қазақстандықтар музыкалық, хореографиялық және аспаздық өнерлерін паш етіп, гала-концерт барысында Қазақстан Республикасы мәдениет үздігі Қуанышгүл Серікбаева «Қазақ осы» әнін орындады.
Келесі күні Гродно көшелерінде 19 ұлттық аула ұсынылып, қазақ диаспорасының өкілдері мен қазақстандық студенттер жергілікті тұрғындарды қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрлері, мәдениетінен хабардар етіп, ұлттық әндер мен жырларды шырқады.
Фестиваль қонақтары үшін арнайы дастархан жайылып, ұлттық тағамдар мен тәттілер қойылды.
Өз кезегінде фестиваль қатыушылары қазақ ауласының қонақжайлылығына тәнті болды.
Республикалық фестивальда «Ата-мекен» халықаралық қоғамдық бірлестігі «Фестивальдің үздік шеруі мен үздік ауласы» үшін құрмет грамотасымен марапатталды.