15.06.2024 в 15:58

Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Сауда өкілі Кэтрин Тайды қабылдап, еліміздің тәуелсіздігі жылдарында екі ел арасындағы түрлі салалардағы, атап айтқанда сауда, инвестиция, адам құқықтары, демократия бағыттарындағы стратегиялық серіктестікке тоқталып, Қазақстан экономикасындағы бірден-бір ірі шетелдік инвестор екендіктерін атап өтті.

Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға өсіп, 4,1 млрд долларға жеткен.

Өз кезегінде АҚШ-тың Сауда өкілі Кэтрин Тай Мемлекет басшысына құрмет көрсеткені, сонымен қатар сауда-инвестициялық қатынастарды тікелей талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстанға сапары барысында  Кэтрин Тайды еліміздің Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қабылдап, қазақ-америкалық сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.