16.06.2024 в 10:59

ЮНЕП бастамасымен экологиялық ынтымақтастық талқыланды

Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты нығайту аясында ЮНЕП бастамасымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин ЮНЕП делегациясын қабылдады.

Кездесуде жаһандық экологиялық күн тәртібі, климаттың өзгеруінің Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің дамуына әсері талқыланды.

Ақан Рахметуллин 2026 жылы БҰҰ қамқорлығымен Өңірлік климаттық саммит және француз тарапымен «One Water Summit»-ті өткізуді, сондай-ақ экология және орнықты даму саласындағы қазақстандық бастамалардан хабардар етіп, еліміз БҰҰ-ның табиғатты қорғау конвенцияларының мақсаттары мен міндеттеріне берік екендігін жеткізді.

Өз кезегінде БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) Еуропа үшін Директоры және Өңірлік өкілі Арнольд Крайльхубер қазақстанның экологиялық ұстанымын, бастамалар жоғары бағалайтындықтарын жеткізіп, Алматыда Орталық Азия үшін Субөңірлік кеңсе орналасқандықтан, Қазақстанды өз үйлеріндей көретіндіктерін жеткізді.

Сондай-ақ тараптар бұл саладағы ортақ жобаларды талқылап, оларды жүзеге асыру жолдарын қарастырды.