21.06.2024 в 09:58

БАСТЫ МӘСЕЛЕ - БАСПАНА

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында көшпелі баспасөз конференциясы өтті. Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Тәжібаев Олжас Пердебайұлы баяндама жасап, атқарылған жұмыстар есебі мен алдағы жоспарларға тоқталды. 


2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 275,0 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көпқабатты тұрғын үйдің (Тұран ш/а-2 үй, Бозарық-42 үй, Ақжайық ш/а-33 үй) құрылысын жүргізу жоспарланған. Ал, 67,3 мың шаршы метр құрайтын 712 пәтерлі 11 тұрғын үйдің (Ақжайық ш/а-7 үй, Бозарық ш/а-4 үй) құрылысы 2025 жылға өтпелі. Оның ішінде - арендалық 8 үй (828 пәтер) болса, кредиттік 69 үй (2554 пәтер). Срндай-ақ биылғы жылы 77 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метр құрайтын 2 670 пәтерлі 66 тұрғын үйді (кредиттік - 62, арендалық - 4) пайдалануға тапсырылатын болады. Оның ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында 180 пәтерлі (14,0 мың шаршы метр) 2 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған. 

Жуырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы жұрттың тұрмыс сапасын танытатын тағы бір маңызды көрсеткіш – баспана екенін атап өтті өз сөзінде.


«Биыл 1 наурыздан бастап іске қосылған «Отау» ипотекалық бағдарламасы ел ішінде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бұған қоса ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керек. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспауы қажет. Сонымен қатар сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана санын бірнеше есе көбейтуді Үкіметке тапсырамын» деді Қ.Тоқаев.
    

Үшінші мегаполисте жыл санап халық саны сәйкесінше салынып жатқан көп қабатты тұрғын үй саны да артып келеді. Арнайы жеңілдетілген бағдарлама аясында мыңдаған азамат баспаналы болып, жаңа үйге ие болуда. ​Жалпы, тұрғын үй құрылысы – халықтың тұрғын үйге ғана емес, жұмыс орындарына да қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, экономикалық өсу мен іскерлік белсенділікті ынталандыратыны белгілі. Сондықтан құрылыс саласының өсу қарқынын сақтау ұлттық экономиканың дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тікелей ықпал етеді. Адамдардың өмір сүру деңгейінің қандай екенін баспанасына қарап білуге болатыны да жасырын емес. Сол себепті Мемлекет басшысы тұрғын үйдің қол жетімдігі туралы мәселені басты назарда ұстайды.