25.06.2024 в 18:17

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛАЙЛЫҒЫ ҮШІН ЖАҢА ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласы бойынша бүгінде тұрғын үй кезегіне 50 019 азамат тіркелген. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша – 1907, көп балалы отбасылар – 14 063, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 625, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 16 402, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар – 22.
Жуырда Шым қалада «Отбасы банктің» тағы бір кеңес беру орталығы ашылды. Қала орталығынан шалғай орналасқан аудан тұрғындарының өтініші бойынша жұмысын бастаған орталық «Бозарық», Қайтпас-1, Қайтпас-2, Асар, Шымсити, Тұран-1, Тұран-2 тұрғындарына қызмет көрсетеді. Енді тұрғындар депозит пен шот ашу және баспана алуға болатын мемлекеттік бағдарламалар туралы қала орталығына бармай-ақ, осы жерден кеңес алуына болады.
Бұл  «Отбасы банк» АҚ-ның Шымкент қаласындағы 14-ші кеңес беру орталығы. Кеңес беру орталығы қаланың жаңа – Шымсити шағынауданында, «Капитал сити» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Яғни, бұл орталықтан шалғай орналасқан шағынаудандар мен елдімекен тұрғындары үшін қолайлы. Бұл жерде тұрғындарға ипотекалық несиелеу мен жинақтауға байланысты түрлі мәселелер бойынша сапалы банктік қызметтер мен кеңестер беріледі. Орталықта оңтайлы қаржылық шешімдерді таңдауға және барлық сұрақтарға жауап беруге дайын тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. 
Мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары негізінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес іске асырылып жатыр. Жалпы, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және өмір сүру жайлылығын арттыру – мемлекеттің тұрақты әрі маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан бұқара халыққа қолжетімді тұрғын үй салу бойынша ауқымды шаралар қабылданып, түрлі бағдарламалар іске қосылуда. 
Биыл Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 364 пәтер құрылысы жүргізілуде, алдағы уақытта бұл көрсеткішті нарықтан сатып алу арқылы 1000 пәтерге жеткізу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға пәтер бөлінеді. Оның 449-ы – халықтың әлеуметтік осал тобына, 351-і – пәтер көпбалалы отбасыларға, 200-і – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.
Биыл жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілмек. Сонымен қатар биыл кезекте тұрған, әлеуметтік осал топ санатындағы 2274 жеңілдетілген «2-10-20», «5-10-20» бағдарламалары бойынша пәтер сату жоспарлануда.