05.07.2024 в 17:36

МӘЖЛІС ДЕПУТАТЫ ҚАЛА АУМАҒЫНДАҒЫ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Ержанұлы Исабеков Шымкент қаласындағы іс-сапар барысында Төтенше жағдай департаменті жұмысымен танысты. 

Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жаңабайұлы Жолдыхожаев, мәслихат депутаттары, жауапты мамандар және департамент қызметкерлері қатысты. 

Жиын барысында департамент басшысының міндетін атқарушысының баяндамасы тыңдалды. Ол өз сөзінде Шымкент қаласының өрт қауіпсіздігін 10 өрт сөндіру депосы, 103 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 800 жеке құрам қамтамасыз ететіндігіне тоқталды. 

- Жыл басынан бері «101, 112» байланыс телефондарына 186 мыңға жуық қоңырау түсіп, 1794 рет авариялық құтқару жұмыстарын шығу жүзеге асырылды. Орман шаруашылықтарымен радио байланыс орнатылып, тәулік бойы ғарыштық мониторинг жүргізілуде. Қалалық оқу орталығында орман шаруашылығы мекемелерінің 15 қызметкері өрт қауіпсіздігі тақырыбында оқудан өткізілді. Департамент тарпынан,  орман және дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника (негізгі - 5, арнайы - 4, қосалқы - 4) және 84 жеке құрам дайындыққа келтірілді- деді, Еркін Отарғалымұлы.