10.07.2024 в 18:24

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Исабеков Данабек Ержанұлы Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті. 

Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жолдыхожаев Мұрат Жаңабайұлы мен Полиция департаментінің басшысы Таев Думан Әшкенұлы, құқық қорғау қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшысы Думан Ашкенұлының мәліметінше, қабылданған тиімді шаралардың нәтижесінде 6 айдың қорытындысымен қылмыстардың жалпы саны - 27,1 пайызға төмендеген. Оның ішінде аса ауыр қылмыс түрлері 9,8 пайызға, орта дәрежедегі қылмыс түрлері 34 пайызға, ауыр емес қылмыс түрлері 27, 3 пайызға азайған. Қылмыстың тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда 3343-тен 2474-ке төмендеді. Қылмыс деңгейі 10 мың халыққа шаққанда 40 құқық бұзушылық, республика бойынша 65 құрайды.

Сондай-ақ, департамент қызметкерлері тарапынан ғаламтор желісі арқылы қылмыстарға шара көру, штаттық құрылымға өзгеріс енгізу, жаңадан ашылған аудандарға әлеуметтік нысан ретінде ғимарат беру мәселелерін көтерді.