Айта кету керек, Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Сирожиддин Саидовпен, өзбек жазушылары мен аудармашыларымен кездесіп, қазақ әдебиетін өзбек тіліне және өзбек әдебиетін қазақ тіліне аударудың маңыздылығын талқылады.
Кездесуде Елші Жазушылар одағының жұмысымен танысып, өзбек тіліне аударылған түркітілдес елдердің ұлы жазушыларының 100 томдық шығармаларын көрді.
Аталған сұхбаттасуда Бейбіт Атамқұлов Өзбекстанның мәдениет күндеріне арналған Әлішер Науаидің Қазақстанда болатын оқуларына қатысуға шақырды.
Осы бағытта Алматыда ұрпақтар сабақтастығын нығайту, екі ел арасындағы мәдени байланыстарды дамыту мақсатында «Науаи және Абай: жалпы адамзаттық құндылықтардың сабақтастығы» атты Халықаралық форум ұйымдастырылып, Әлішер Науаи мен Абай Құнанбаевтың еңбектерінің әдебиоқулары болды.
Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрі Пулат Бобожоновпен кездесуде тараптар Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша дипломатиялық миссияның өзара іс-қимылының өзекті аспектілерін, Қазақстан азаматтарын құқық бұзушылықтар мен ұстау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі туралы талқылады.
Сондай-ақ, кездесуде Қазақстаннан Өзбекстанға баратын туристер саны артқаны хабарланып, тек 2023 жылы елімізден 63,4 мың туристер барғаны айтылды.
Осы ретте Елші Өзбекстанның туристік полициясының жұмысының жоғары деңгейін атап өтіп, көші-қон мәселелеріндегі өзара іс-қимылға тоқталды.