18.07.2024 в 15:52

«Қазақстан мен Болгария арасындағы көлік байланысы» форумы өтті

Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өткен Форумға 20-дан астам болгар көлік компанияларының өкілдері қатысты.

Еліміздің Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев аталған форумда сөз сөйлеп, Қазақстанның географиялық орналасуының және бұл бағытта  Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (ТХКД) дамыту тұрғысындағы еліміздің көлік желісін пайдаланудағы қолайлылыққа тоқталды.

Сонымен қатар, Елші аталған халықаралық көлік дәлізін ұлғайту және Түрікменстан, Иран, Түркия арқылы және одан әрі Болгария мен Румыния аумағы арқылы ЕО елдеріне жүк тасымалдауда автомобиль бағытын дамыту бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті.

Одан бөлек, Болгарияның да маңызды транзиттік рөл атқаратынына да тоқталып, бұл ретте көлік-логистика саласындағы ынтамақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Көлік жөніндегі ғылыми-техникалық одақ Басқарушы кеңесінің төрағасы Ясен Ишев геосаяси турбуленттілік жағдайда көлік компаниялары арасында тікелей іскерлік байланыстар орнатуға тоқталса, Басқарушы кеңесі төрағасының орынбасары Мартин Янев елімізбен серіктестікті арттыруға бірқатар жергілікті іскер топтар арасында қызығушылық тудырғанын айтты.

Форум қорытындысымен көлік саласын дамытудағы өзекті мәселелермен қатар, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру бойынша пікір алмасты.