19.07.2024 в 18:11

КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК ҚАЛЫПТАСТЫРУ - ПАРТИЯНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту шараларының тиімді жүзеге асуын қадағалау мақсатында ҚР Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, қалалық фракция жетекшісі Қайрат Имашев пен мәслихат депутаты Алина Дубинина қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының “Диспетчерлік қызмет орталығына” барды. 

Қалалық сайлауалды бағдарламасы аясында 5 жылда 45 мың азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың 2023 жылғы 30 қарашадағы «Мүгедектер бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2024 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»  №2710 қаулысына сәйкес, 54 мекемеге 200 бос орынға квота белгіленген болса, бүгінгі таңда, 38 мекемесіне 107 азамат жолданған.

Мұрат Жаңабайұлы қызметкерлердің ұсыныс-тілектерін тыңдап, жауаптыларға жыл соңына дейін Жол картасында бекітілген жоспардың толықтай орындалуын назарға алуды тапсырды. Сондай-ақ «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың мерзімі мен сапасы партия бақылауында болатынын ескертті.