20.08.2024 в 14:49

ФУТБОЛДАН САЙЫС ӨТТІ

Тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде Спорт күні атап өтіледі. Міне, осы орайда «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының ұйымдастыруымен футболдан жарыс өтті. Аудандық партия филиалының қызметкерлері және «Жастар Отанға» бастауыш партия ұйымының белсенділері екі командаға бөлініп, тартысты ойын көрсетті.

-    Спорт – бұл адамның денсаулығын бекемдеп, жұмысқа қабілеттілігін арттырудың ең қолжетімді тәсілдерінің бірі, сондай-ақ адамдардың әлеуметтік әрекетінің бір саласы. Ол адамдардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, қалыптастыруға ықпал етеді. Яғни, ол –қоғамның жалпы жағдайын айқындайды. Осының бәрі спорт және дене шынықтыру қоғам мәдениетінің табиғи бөлігі екендігін көрсетеді. Спорт күні қарсаңында әріптестерімізбен жолдастық кездесу өткізіп, сайыс ұйымдастырған жайымыз бар, - дейді «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ердаулет Асқарұлы. 
Бұқаралық спорттың дамуы салауатты өмір салтын қалыптастыруда таптырмас тәсіл. Спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуы – жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттап, сау әрі саналы ұрпақты қалыптастыруға ықпал етеді.