30.08.2024 в 20:55

Қазақстанның Қатармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы байланыстары

Еліміздің Қатар Мемлекетімен дипломатиялық қатынастар орнағанына былтыр 30 жыл толды. Осы аралықта мәдени, экономикалық, саяси әріптестікпен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тәжірибе алмасу, бірлесе жұмыс жасау мақсатында тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға жұмыс сапары барысында жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы бірлескен жұмыстар талқыланса, екі мемлекеттің осы саладағы ведомстволары арасында
«Парасаттылық пен ашықтықты ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойылды.

Онда Агенттіктің жемқорлықты жоюдағы жұмыстары, активтерді қайтару, бизнесті қорғау, құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік сатып алуларға жүргізілетін мониторинг нәтижелелері мен, жастар арасында парасаттылық құныдылықтарын дәріптеу, білім беру мақсатында атқарылған жұмыстар таныстырылған болатын.

Маусым айында Қатардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство делегациясының Қазақстанға сапары ұйымдастырылып, осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен осы саладағы бірлескен іс-қимыл туралы Жол картасына қол қойылып, онда жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық қағидаттарын енгізу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен шаралар қабылдау келісілді.

Тамыз айының соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы Асхат Жұмағали Қатар мемлекетінің еліміздегі Елшісі Абдулла Хусейн Джабермен кездесіп, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдағы жоспарларды талқылады.

Кездесуде Елші биылғы жылдың қарашасында Доха қаласында өтетін Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының Екінші Министрлік отырысына Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағалиді шақырды.

Өз кезегінде Агенттік Төрағасы шақыртуға ризашылығын білдіріп, тараптар мемлекеттер арасында, сонымен қатар халықаралық ұйымдар шеңберінде жемқорлыққа қарсы бірлескен ынтымақтастық пен жоспарларды талқылап, жүзеге асыру жолдарын қарастырды.

Айта кету керек, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.