12.09.2024 в 17:17

ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫНАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Шымкент политехникалық колледж ұстаздары және студенттер қауымымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

- Энергетика министрлігінің болжамдары бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 млрд кВт/сағ құрайды деп күтілуде. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған электр станциялары небәрі 135 млрд кВт/сағ қамтамасыз ете алады. Бүгінде электр қуатының тапшылығын Ресейден келетін ағындар жауып отыр. Бұл энергетикалық тәуелділікке және елдің энергетикалық нарығының қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеледі. Елімізде 148 жаңартылатын энергия көзінің орнатылғанына қарамастан, олардың қуаты тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. АЭС тұрақты энергия беруді қамтамасыз ете алады және тапшылықты өтей алады, - М.Әуезов атындағы ОҚУ энергетика кафедрасының доценті, PHD докторы Файз Нұрсұлтан.

Халықтық штаб мүшесі Садықов Бердіқұл ұстаздар қауымы мен 18 жасқа толған студенттерді 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысып, өздерінің таңдауын жасауға шақырды