29.09.2024 в 11:49

Халықтық штабтың мүшелері Айнабұлақ аулының тұрғындарымен кездесті

Халықтық штабтың мүшелері Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылының тұрғындармен кездесіп атом электр станциясының  маңыздылығын түсіндіріп азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
«Бұл жағдайды Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Əділетті Қазақстан қағидаттарының іс жү¬зінде орындалуы деп қабылдаған абзал. Өйткені Президент Қ.Тоқаев атап өткен¬дей, «Азаматтар референдумда дауыс бер¬ген кезде АЭС салуды жақтаған немесе қар¬сы болған сарапшылардың дəйекті пікір-лерін барынша таразылап, ой елегінен өткі¬зіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС сала¬мыз ба, салмаймыз ба, мұны халық шешеді»,-деді аудандық халықтық штабтың төрағасы Болатбек Балғабаев.
Атом энергия¬сын бейбіт мақсатта Қазақстанның экономикасын дамытуға пайдалану туралы шешімінің ар жағында еліміз¬дің эко-номикалық дамуы, қоғамдағы әлеу¬меттік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқаты¬ның артуы, экологиялық мәселелерді шешу¬дің жатқанын ескерген жөн. 
Тұрғындармен кездесуге аудандық «Достық» газетінің редакторы Нургул Калыкова,  аудандық мәслихат депутаты Ризабек Шәкенұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрсынхан Молдаханов қатысты.