06.10.2024 в 10:58

Энергетика саласының ардагері Виктор Недовесов: «Мен бұл мәселені жан-жақты зерттеп, өз таңдауымды жасадым”

ТМД  елдері және Қазақстанның еңбегі сіңірген энергетигі Виктор Недовесов бұл салада 1970 жылдан еңбек етті.  Ұзақ жылдар  “Алтайэнерго” компаниясының бас инженері, AES компаниясының техникалық директоры және “KEGOC” АҚ Шығыс филиалының директоры қызметтерін атқарды. Бүгін ардагер энергетик елімізде болып жатқан маңызды шарадан тыс қалмай,  АЭС салу бойынша республикалық референдумға дауыс беру үшін келді.
- Бүгін мен өмірімде үшінші рет референдумға қатыстым. Бұл - ең алдымен менің азаматтық парызым. Әркім таңдауын өз қалауы бойынша жасауы керек. Әрине, мен бұл қазақстандықтар үшін жаңа, тың тақырып екенін түсінемін. Атом сөзін естігенде,  көпшілігіміздің есімізге Хиросима мен Чернобыль түседі. Әлемде 500-ден астам реактор жұмыс істейді және олардың барлығы дамыған, алдыңғы қатарлы елдерде орналасқан. Мен өз таңдауымды осы мәселені жан-жақты зерттеп барып, саналы түрде жасадым, - деп атап өтті  Виктор Семенович.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елімізде АЭС салу бойынша республикалық референдум  өтіп жатыр. Шығыс Қазақстан облысында 538  дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, өңіріміздің 487 824 -ке жуық тұрғыны дауыс беруге қатысады.