06.10.2024 в 14:37

Сауле Рахметуллина: «Жастар ел болашағына бей-жай қарамайды»

Бүгін Қазақстан халқы республикалық референдумда маңызды шешім қабылдауда. Олардың қатарында білім беру ордаларын тізгіндеп отырған ректорлар мен студенттер де баршылық.

Даулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Сауле Рахметуллина 2024 жылғы референдумға қатысты өз ойымен бөлісті. Ол бұл күнді еліміз үшін тарихи оқиға екендігін баса айтты.


«Барлық Қазақстан азаматтары дауыс беру учаскелеріне келіп, елімізде атом электр станциясын салу мәселесінде өз таңдауын жасауда. Менің ойымша, әрбір азамат осы үдерістің бір бөлшегі ретінде өз үлесін қосуы керек. Бүгінгі референдумның маңызы зор, себебі біздің Үкімет пен Президент әр азаматтың дауысы маңызды екенін айтып отыр», – деді ректор.

Сондай-ақ, Басқарма төрағасы техникалық университетте студенттердің белсенді түрде дауыс беруге қатысып жатқанын ерекше атап өтті. Жастардың ел болашағына бей-жай қарамайтынына және өз ұстанымдарын білдіруге ұмтылатындарына тоқталды.