01.08.2024 в 13:23

Шымкентте комплаенс-офицерлердің қатысуымен семинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес компанияларының комплаенс-офицерлеріне жиын өткізді.  

Кездесуде Превенция басқармасы басшысының орынбасары Нұртөре Қалдыбаев  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі жемқорлық тәуекелдерін талдау екендігі қатысушылар назарына жеткізіліп, оның ішінде ұйымдар тарапынан ішкі талдауға ерекше мән беру қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, спикер әрбір аймақ үшін әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына тоқталды. Оның айтуынша картаға қаламыздағы білім, денсаулық сақтау, жер, әлеуметтік қамтамасыз ету, құрылыс, тұрғын үй және тағы да басқа салалар енгізілген. 

Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырды.