Жыл басынан бері ШҚО ТЖД құтқарушылары 28 000-нан астам нұсқаулықты үйме-үй аралау кезінде өткізді, олардың барысында өрт қауіпсіздігі ережелерінің 6000-нан астам бұзушылығы анықталды. ШҚО ТЖД мамандарының уақтылы түсіндірме жұмыстарының арқасында тұрғындар сол жерде 2000-нан астам бұзушылықты жойды. Үй иелерімен пешті жылыту және электр құрылғыларын пайдалану ережелері бойынша толыққанды нұсқаулықтар өткізілді, сондай-ақ визуалды тексеру жүргізілді.
«Аралау барысында үйлерде иісті газға арналған датчиктер орнатылды, жоғарыда көрсетілген отбасыларға пештерді тазалауға және оларды өрт қауіпсіздігіне келтіруге көмек көрсетілді. Соңғы жылдары өңірде 15 мыңға жуық «ақылды» датчик орнатылып, 42 адамның, оның ішінде 32 баланың өмірін сақтап қалды», – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
ШҚО ТЖД өрттің және иісті газдан уланудың алдын алу үшін келесілерді ұсынады:
бөлмелерде ашық отты қолданбаңыз, мас күйінде төсекте темекі шегуге тыйым салынады;
үйден кетерде электр құрылғыларын қосулы қалдырмаңыз;
тек жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларын қолданыңыз;
тек ақаусыз пеш жабдықтарын пайдаланыңыз;
пештің кірпіш қалауындағы жарықтар, бітелген мұржа ауыр салдарға әкелуі мүмкін;
жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз;
жобалау нормалары бойынша қарастырылған саңылаулары жоқ жапқыштарды жаппаңыз;
жанғыш конструкциялардан өртке қарсы қашықтық пен алшақтықты сақтаңыз.
Төтенше жағдай болған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.