11.10.2024 в 16:43

Шығыс Қазақстанда ҚҰСБЕГІЛІК ФЕДЕРАЦИЯСЫ құрылады

Биыл Шығыс Қазақстанда “Құсбегілік федерациясы” құрылады. Бұл туралы “Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалі аясында шығысқазақстандық құсбегілердің өкілі Арайлым Сарипова мәлім етті.

“Бүгінгі айтулы додаға 21 ителгі, 70 бүркіт, 13 қаршыға қатысуда.  Бабы мен бағы келіскен құсбегілер жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз. Бұл фестиваль осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Шығыс Қазақстан әр тараптан құсбегілерді шоғырландыра білді, салбурынның саяқ іс-шара емес, дәстүрлі әрі ауқымды оқиға екенін мойындатты. Сол себептен де осы облыста Құсбегілік Федерациясын құрылмақ”, - деді Арайлым Сарипова.
Тарихта тұңғыш рет құрылатын аталмыш федерацияның президенттілігіне Бағдат Марксұлы тағайындалады деп күтілуде.