14.10.2024 в 16:01

ҚАЛА КӨРКІ - ТАЗАЛЫҚТА

Мемлекет басшысы инфрақұрылымды дамыту жоспарын қайта қарауды тапсырған болатын. Тазалық пен тәртіп, ең алдымен өзімізге – қала тұрғындарына қажет. Сондықтан, күнбе-күн, кезең-кезеңімен пәтерде, үйде, көшеде, жұмыста, оқуда, әрбір іс-қимылымызда тазалық мәдениетін қатаң сақтау аса маңызды. «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, әрбір тұрғынға өзі тұратын үй-жайдың айналасын таза ұстап, артық-ауыс қалдықтарды шашпай, ұқыпты болса, қаламыздың таза әрі көрікті мекенге айналуына титтей де болса үлес қосқан болар еді.


Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Аталмыш жиында Әл-Фараби ауданындағы орталық көшелерге ағымдағы  657 дана үлкен көлемді темір қоқыс жәшіктері орнатылғаны хабарланды. Аудан әкімі Рашид Мыңбаевтың айтуынша, 2023 жылы аудан бойынша 120 қоқыс алаңы жаңартылып, «GLOBAL BUSINESS CONSTRUCTION» ЖШС-мен жасалған келісім аясында 680 қоқыс контейнерін жеткізу жоспарланған. Қазіргі таңда мердігер мекеме 497 контейнерді орнатқан.

Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету үшін аудан 7 секторға бөлінген. Әр секторға аудан әкімдігі тарапынан жауапты мамандар бекітілген. Ішкі орамдардың тазалығын «Әл-Фараби» КММ қамтамасыз етеді, оларда 21 техника мен 161 адам жұмыс істейді. Басты көшелердің тазалығына «ТАЗА ӨЛКЕ» ЖШС-нің 68 техникасы мен 382 қызметкері жауапты. Аудан әкімінің сөзінше, Әл-Фараби ауданындағы 928 көпқабатты тұрғын үйдің 859-ы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қазіргі уақытта 854 үй қысқы жылу маусымына дайын, бұл 99,4%-ды құрайды. Аудан инфрақұрылымын жақсарту мақсатындағы осы шаралар тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. 


Қала қашанда тазалығымен, жасыл желегімен сәнді. Қазір мердігер ұйымдар қала аумағына гүл егіп, гүлзарлар мен саябақтарды тазалап, абаттандыру жұмыстары бойынша ауқымды істер атқарылуда.